Миссиямыз

Азаттық билік сөз бостандығын жойып, я шектеген елдерде хабар тарату арқылы демократиялық құндылықтар мен институттардың қалыптасуын миссиясы деп біледі. Журналистеріміз жергілікті халықтың қолы жетпейтін цензурасыз ақпарат, байсалды талқылау және ашық пікірталас ұсынады.

Орталық Еуропадан Тынық мұхит аймағына дейін, Балтық теңізінен Қара теңізге дейін, Ресейден Оңтүстік пен Орталық Азияға һәм Парсы шығанағына дейін көптеген ел автократиялық институттармен, адам құқықтарын бұзушылықпен, орталықтандырылған экономикамен, этникалық һәм діни жеккөрушілікпен аймақтық жанжалдармен және БАҚ-ты бақылауға алумен күресіп келеді. Бұл аймақтағы демократия мен еркін нарық экономикаларына негізделген тұрақтылық ғаламдық бейбітшілік сақтау ісі үшін де маңызды.

Демократияның алғашқы шарты - барлық ахуалдан хабардар азамат деп сенгендіктен және жарты ғасыр бойы суррогат-медиа ретінде хабар таратып келе жатқандықтан:

  1. Азаттық сәтімен демократияға өтуге және еркін нарық трансформациясына сеп болады деп жергілікті һәм аймақтық мәселелер бойынша объективті жаңалық, сараптама және талқылау ұсынады.
  2. Азаттық демократиялық құндылықтарды айқындау арқылы азаматтық қоғамдарды күшейтеді.
  3. Азаттық этникалық және діни төзімсіздікке қарсы шығады, адамдардың өзара түсінісуін насихаттайды.
  4. Азаттық жергілікті БАҚ-қа үлгі болып көрінеді, медиа кәсібилігі мен тәуелсіздігін жақсарту үшін тренинг өткізуге жәрдемдесіп, жергілікті БАҚ-пен әріптестігін дамытады.
  5. Азаттық аймақтағы елдер мен әлемдегі қалыптасқан демократиялардың арасын жақындатуға дәнекер болады.